з а т е с і м. л и н г в и с т и к а л ы қ. Белгілі бір тілдің өз ішіндегі алуан түрлілік, аумақтық, әлеуметтік немесе кәсіптік ортадағы адамдардың сөйлеу тілінде қалыптасқан жалпыхалықтық тілден бөлекше ерекшеліктер. Жергілікті д и а л е к т өзіне тән дыбыстық, грамматикалық, сөзжасамдық, лексикалық ерекшеліктері бар халық тілінің құрамды бөлігі болып табылады (Ғ.Қалиев, Қаз. диалект.). Әлеуметтік д и а л е к т - қоғамдағы белгілі бір әлеуметтік топтардың я арнайы кәсіппен шұғылданатын адамдардың тілі (Қазақ тілі). Әдеби ескерткіштердің тілі ала-құла, көнерген ескі формалары мен сөздері сансыз көп әртүрлі тайпалардың д и а л е к т і л е р і болып отырды (ҚазССР тарихы). Д и а л е к т і л е р д і ң жасалуы феодализмнің латифундиясына негізделінетін көрінеді (Қазіргі қаз. тілі).