ДИАЛЕКТИКА

lat: DıalektIKA

[грек. dialektive пікірталас, әңгімелесу өнері] болмыс пен адам дамуының заңдылықтары, оның әмбебап белгілері туралы философиялық ілім және осы ілімге негізделген жалпыға бірдей танымдық әдіс. Диалектика ұғымын ежелгі грек философы Сократ енгізді. Ол диалектиканы диалог, әңгімелесу кезіндегі қарама-қарсы көзқарастардың қақтығысы арқылы ақикатқа жетудің ерекше әдісі деп түсіндірді. Диалектиканың нағыз атасы Эфестен шыкқан Герклит болған. Ол объективті антологиялық диалектиканы ойлап тапты. Гераклит үшін бұл диалектиканың ұйытқысы мен нәтижесі қарама-қарсылықтар күресі арқылы әрекет ететін әлемдік парасатты балама «Логос» болды.