ДИАЛЕКТИЗМДЕР

lat: DıalektIZMDER

әдеби тілге енбейтін, аумақтық диалектілерге тән ерекшеліктер. Диалектизмдер тіл нормасынан ауытқу деп есептеледі. Диалектизмнің түрлері: фонетикалық, грамматикалық, сөзжасамдық, лексикалық (этнографизмдер-тұрмыстық заттардың атаулары; лексикалық синонимдер, симантикалық диалектизм). Диалектизмдер көркем әдебиетте стильдік құрал ретінде пайдаланады және әдеби тіл нормаларын сақтамай сөйлейтін адамдардың ауызекі тілінде кездеседі.