ДИАЛОГ

lat: Dıalog

екі немесе бірнеше адамның сұрақ-жауап ретінде сөйлесіп, тіл қатысуы. Диалогтың сөздік құрамына әсер ететін факторлардың негізгісі сөзді қабылдау не қабылдамау. Диалогқа сөйлемдердің мынадай байланыс түрлері тән: маңыздылық (сұрақ-жауап, толықтыру-түсіндіру-пайымдау-келісу-қарсылық, сөйлеу этикеті) және конструктивтілік. Диалог тілдік араласудың табиғи түрі. Оның генетикалық тегі ауызекі сөйлеуден басталады. Диалогта ақпараттың толық болуы интонациямен, ыммен, мимикамен де қамтамасыз етіледі. Диалогқа сөз үнемдеу принципі тән болады. Көркем әдебиетте диалогтің стилистикалық ерекшеліктерін жазушының жеке стилі және жанрдың ақпараттық-эстетикалық нормалары анықтайды. Диалогтің сыртқы формасы (сөйлемдердің кезектесіп жұмсалуы) философиялық-публицистикалық жанрға тән болады. Мыс., Платонның, Галилейдің диалогтары, қазіргі дискуссиялар мен интервьюлер.