Дидактикалық

lat: Dıdaktıkalyq

с ы н е с і м. Дидактикаға қатысты, дидактикаға тән. Егер ұғымды немесе ойды сезімдік образға сай д и д а к т и к а л ы қ әдіс ретінде қолданылатын болса, бұған қарсы еш нәрсе айтуға болмайды (А.Қасымжанов, Диалектика.). Оқу-тәрбие жұмысы салаларының ішінен психологиялық оқыту процесінің жалпы д и д а к т и к а л ы қ мәселелерін дәлелдеуге тигізетін пайдасы зор (М.Мұқанов, Пед. очерк.). Ди д а к т и к а л ы қ принциптер оқу-тәрбие жұмыстарының заңды жүйесін көрсетеді, оқыту ісінде табысқа жетудің қажетті шарты болып табылады (ҚҰЭ).