е т і с т і к. Мүшеленіп бөліну, даралану. Егер біз мәдениет тарихында мифологиялық ойлау деп аталатын ойлау стадиясын алсақ, онда бұл стадиядағы ойлау мынадай болып шығады: бұл ойлауда категориялық нормалар д и ф ф е р е н ц и а л а н б а ғ а н (мүшеленіп бөлінбеген) түрінде әрекет етеді (А.Қасымжанов, Диалектика.). Олигополиялық бәсеке жағдайында өнімдер стандартталады (мысалы, болат алюминий) немесе д и ф ф е р е н ц и а л а н а д ы (жіктеледі). (Б.Жүнісов, Нарық. экономикалық. негіз.). Д и ф ф е р е н ц и а л а н а т ы н бірнеше қосылғыш функциялардың алгебралық қосындысының туындысы барлық қосылғыш функциялардың туындыларының қосындысына тең болады (О.Жәутіков, Жоғары математика.).