Дифференциалдық теңдеулер

lat: Dıfferensıaldyq teńdeýler.

м а т е м а т и к а л ы қ. Ізделінетін функцияны оның әртүрлі ретті туындыларымен немесе дифференциалдарымен және тәуелсіз айнымалыларымен байланыстыратын теңдеулер. Д и ф ф е р е н ц и а л д ы қ т е ң д е у л е р 17 ғасырдың соңында механика т.б. жаратылыстану пәндерінің талабына сәйкес интегралдық есептеу және дифференциалдық есептеумен қатар пайда болды (ҚҰЭ). Дыбыстың ауада таралуы тиісті д и ф ф е р е н ц и а л д ы қ т е ң д е у м е н сипатталады. Бұл теңдеуді толқындық теңдеу деп атайды (О.Жәутіков, Жаратылыстану). Қозғалысты сипаттайтын д и ф ф е р е н ц и а л д ы қ т е ң д е у л е р д і құрағанда, қозғалушы затқа әсер ететін күштердің ішінен есептелмей, қалтарыста қалып қоятын азғантай күштер болады да, олардың әсерінен заттың бастапқы күйінен азырақ ауытқуы пайда болады («Қазақст. мект.»).