з а т е с і м. 1. Жіктеу, бөлектеу. АҚШ мектептерінде 9-ыныпта оқу кеңінен дифференциациялық сипат алады. Д и ф ф е р е н ц и а ц и я көптеген міндетті түрде оқытылатын пәндердің әртүрлі деңгейде оқытылуымен күшейе түседі («Егемен Қазақстан»). Еңбекті бағалау нәтижесі басшыға әрбір қызметкердің өзінің функцияларын орындау тиімділігін айқындауға, лауазымдық міндеттерін орындау деңгейі бойынша қызметкерлердің д и ф ф е р е н ц и а ц и я с ы н жүргізуге мүмкіндік береді («Егемен Қазақстан»), 2. г е о л о г и я л ы қ. Тектік тұрғыдан байланысты, бірақ құрамы жағынан анық ерекшеленетін бірнеше жаңа өнімдердің бір ғана материал есебінен қалыптасуын қамтамасыз ететін барша геологиялық процестер жиынтығы (Қаз. тілі термин. Геология).