Динамика

lat: Dınamıka

з а т е с і м. 1. Құбылыстың өзгеруі, дамуы. Біздің ұғымдарымыз заттардың, құбылыстардың объективтік қайшылықтарын ғана емес, сонымен бірге бұл қайшылықтардың дамуының д и н а м и к а с ы н да, құбылыстардың бірінеірінің айналуын да бейнелеуге тиісарксистік филос.). Биоценоздағы әртүрлі организмдер санының д и н а м и к а с ы н және оның санына әсер ететін себептерді зерттеу зиянды түрлердің өте көбейіп кетуінің алдын алу және болдырмау үшін қажеталпы биология). Әріпшіл аудармашы «Біріншіден деп бастар ма еді, әлде қайтер еді, ал Әуезов «Ең әуелі мәлім етейін» дейді, мұнда да д и н а м и к а бар (М.Әлімбаев, Өрнекті сөз.). 2. ф и з и к а л ы қ. Күш әсері және дене қозғалысын зерттейтін механика бөлімі. Механикалық қозғалыстар мен олардың пайда болу себептерінің арасындағы байланысты зерттейтін бөлімі д и н а м и к а деп аталадыизика курсы). Кино арқылы автомат құралдар жұмыс істеген кезде физикалық процестердің д и н а м и к а с ы нимылын) көрсетуге болады (К.Айманов, Физика.). 3. м у з ы к а л ы қ. Музыкалық шығармадағы үннің күші мен қаттылығының әртүрлі деңгейі. Д и н а м и к а н ы ң түрлері италиялықтар тілінде белгіленді (ҚҰЭ). Д и н а м и к а дыбысты әсерлеу, күшейту дәрежесі (К.Қуатбаев, Қысқ. муз. сөздік).