Диплом

lat: Dıplom

[грек. ] з а т е с і м. 1. Арнаулы жоғары оқу орнын бітіргендік туралы куәлік. Д и п л о м - студенттің бес жыл бойы көз майын тауысып, қиналған ұйқысыз түндердің, маңдай терін бес сыпырып ізденумен өткен жылдарының, жинаған терең білімінің жемісі («Лен. жас»). Партия билеті мен инженерлік д и п л о м д ы қалтама салып, Ертіс мыс балқыту заводына келдім (Ә.Нұршайықов, Менің Қазақст.). 2. Диплом алу үшін жазылатын еңбек. Жамал күні-түні д и п л о м жобасын әзірлеу үстінде («Қаз. әдеб.»). 3. Диссертация қорғаған ғылыми дәрежесі үшін берілетін куәлік. Айтпақшы, өзің докторлық д и п л о м ы ң д ы алыпсың ғой, қайырлы болсын (М.Дүйсенов, Гүлжан.). 4. Белгілі табыс я жетістік үшін марапат ретінде берілетін куәлік. Екінші Дәрежелі д и п л о м «Аманкелді» спектаклі үшін Қарағанды қазақ және орыс драма коллективіне берілді («Қаз. әдеб.»). Жюри Бибісахи апайды тамаша еңбектері үшін екінші Дәрежелі д и п л о м м е н наградтады («Лен. жас»). Орыс патшасының Айғанымға берген бриллиант көзі бар жүзігі мен бабамызға ақсүйек деген атақ берілгенін куәландыратын д и п л о м да төрт құлақ сандықта («Қаз. әдеб.»).