Дипломатиялық

lat: Dıplomatıalyq

с ы н е с і м. Дипломатияға қатысты, дипломатияға тән. Қазақстан халқының бейбітшілік сүйгіштігі, д и п л о м а т и я л ы қ интеллектуалды КСРО-ның у-шусыз ыдырау процесінде тарихи тұрғыдан шешуші рөл атқарады («Ана тілі»). Алматының ұшқыштары Израйльмен д и п л о м а т и я л ы қ қатынастардың үзілмеуін, совет үкіметінің агрессорды ауыздықтау үшін қолданған барлық басқа қадамдарын мақұлдады («Соц. Қаз.»). Сыртқы істер министрлігіне Қазақстанның ықтимал жанжал аймағындағы д и п л о м а т и я л ы қ қызметкерлері мен азаматтарының қауіпсіздігі жөнінде шаралар қолдануға тапсырма берілді («Егемен Қазақстан»).