Директива

lat: Dırektıva

ранц.] з а т е с і м. 1. Жоғарғы органның төмен органдарға немесе басқарушылардың қол астындағыларға берген бұйрық, нұсқаулары. 2. Үкіметтің халық шаруашылығын дамыту жолындағы бағыты, бағдарламасы. Халық шаруашылығын өркендету жоспарлары үкімет бекіткен д и р е к т и в а л а р негізінде жасаладыаяси экономия). Еліміз де халық ағарту ісін дамыту жөнінде үкімет белгілеген д и р е к т и в а л а р д ы орындай отырып, облыс мұгалімдері балаларды оқытып, тәрбиелеуде елеулі табыстарға жетті («Қазақст. мұғ.»). 3. Ә с к е р и. Ұрыс қимылдарын дайындау мен жүргізу, жабдықтау, үйрету, штаттық ұйымдастыру т.б. әскердің (күштің) іс-әрекеті мен өмірі мәселелерін қамтитын жазбаша түрдегі жауынгерлік өкімдік немесе қызметтік құжат. Д и р е к т и в а жауынгерлік - операциялық, әскери дайындықтар бойынша тылдық, операциялық, ұйымдасқан-мобилизациялық (шоғырланған) болып келедіаз. тілі термин. Әскери.).