з а т е с і м. Мекеменің, өндіріс орнының, кәсіпорнының жетекшісі, басқарушысы. Шаруашылық д и р е к т о р ы Самат Көсембеков деген әрі механизаторлық, әрі ұйымдастырушылық қабілеті бар адам көрінеді (Қ.Исабаев, Арман). Мектеп д и р е к т о р ы - пісте мұрын, арық, көзілдірікті қара жігіт (С.Сарғасқаев, Сынған тіс). Неумоинның әкесі 4 кластық біліммен қатардағы жұмысшыдан кәсіпорын д и р е к т о р ы н а дейін өсіпті (А.Жақсыбаев, Менің дос.).