Директорлық

lat: Dırektorlyq

с ы н е с і м. Директорға тән, директорға қатысты, директор ретіндегі. Музейдің д и р е к т о р л ы қ міндетін музей бастан құрылғаннан бері Сатығұл атқарып келген екен (А.Хангелдин, Өткен күн.). Егер Тайман әлгідей тек көз алдындағы азғана нәрсеге алданып жүрсе, д и р е к т о р л ы қ креслосын қиыңқырмай жүрсе, ол қыры кеткендеу, қырсық шалғандау кісі болғаны (З.Қабдолов, Жалын). Қолда ақша тұрып сіздердің ақыларыңызды ұстап кешіктіруге бухгалтердің де басы екеу емес деп Мәкіл өзінің д и р е к т о р л ы қ беделін пайдаланып Қаумен мен Әбілмәжінге түсіндірген болды (С.Бегалин, Уақыт.).