с ы н е с і м. Дискі бар, диск орнатылған. Чертеждерді сызудың негізгі принциптерін д и с к і л і пышақты талдау мысалынан қарастырайық (Сызу). Дала шалғындарының өнімін арттыру үшін д и с к і л і сеялкамен көпжылдық шөптердің тұқымын себеді (Малшыларға кеңес). Қант қызылшасы егілетін жерлер алғы дақылдың өнімі жиналысымен д и с к і л і лущильникпен сыздыра жыртылды (Агроном. анықтама.). Ағаш отырғызылатын жер май, июнь айларында 30 сантиметр тереңдікте таза пар ретінде жыртылады, бұл алқап жазда екі рет культивацияланады немесе д и с к і л і сыдыра жыртқыштармен жыртылады, қыста қар тоқталады (А.Балтабаев, Шөлде.).