Диспут

lat: Dıspýt

з а т е с і м. Көпшілік алдында белгілі бір мәселені талқыға салатын ғылыми талас, пікірталас. Жақында Арыс ауданының орталығында теміржолшылар клубында бақыт туралы бірнеше д и с п у т т а р өткізілді (С.Мәуленов, Жер нұры). Алып ұшқан қыз қиялы, сірә, тыным тапқан ба? Бірде колхоз клубында д и с п у т болып жатқанда: Алматыдан өкіл келді, желке шашы бір қарыс, аты - Оралхан, мамандығы - жазушы әлде журналист (М.Шаханов, Ғасырлар.). Маяковский бүгін көңілді екен, десті біреулер - д и с п у т қ а мықтап даярланған болу керек (С.Мұқанов, Есею жыл.).