Диспансерлік

lat: Dıspanserlik

с ы н е с і м. Диспансерге тән, диспансерге қатысты. Артериялық қан қысымы жоғары адамдардың бәрі поликлиника мен д и с п а н с е р л і к бақылаудан өту керек (Р.Сәтбаева, Гипертония.). Жемсау және басқа да ауруларды анықтау үшін село тұрғындарының 476 адамы д и с п а н с е р л і к тексеруден өткізілді (С.Табынбаев, Жемсау.). Аурудың алдын алу, ертерек диагноз қойып, тезірек емдеудің маңызы ерекше. Ең қолайлысы жергілікті тұратын, не жұмыс істейтін жерде үнемі д и с п а н с е р л і к бақылауда болу («Соц. Қаз.»). Д и с п а н с е р л і к жұмысты жандандыру үшін облыстық деңгейде ғылыми-тәжірибелік конференция өткізуді жоспарлап отырмыз («Жас Алаш».)