Диспетчерлік

lat: Dıspechcherlik

с ы н е с і м. Диспетчерге тән, диспетчерге қатысты. Бұл оқиға қыстың аяқ кезінде болған еді, д и с п е т ч е р л і к мәжіліс жаңа ғана аяқталады (Ж.Исмағұлов, Адам.). СССР-дегі барлық аудандық су электр станцияларының жартысына жуығы энергосистемалардың д и с п е т ч е р л і к пункттерінен немесе каскадалардың базалық су электр станцияларынан телемеханика құралдары арқылы басқарылады (Саяси экономия). Үлкен аудиторияға орналасқан д и с п е т ч е р л і к пункт әр минут сайын сайлау барысын қадағалап отыр («Лен. жас»).