Дистилляциялан

lat: Dıstıllásıaálan

е т і с т і к. Тазартылу, сүзілу. Қарапайым д и с т и л л я ц и я л а н ғ а н судың өзі уақыт өткен сайын өзгеріп, шыны ыдысты еріте бастайды («Білім және еңбек»). Препаратқа д и с т и л л я ц и я л а н ғ а н судың белгілі бір мөлшерін қосса, өзінің составы жағынан қан плазмасына тепе-тең келетін ерітінді шығады (Адам анатом.). Қоспасынан қайта айдау арқылы тазартылған су қайта айдалған немесе д и с т и л я ц и я л а н ғ а н су деп аталады (Химия).