з а т е с і м. 1. Белгілі бір арадағы қашықтық. Қысқа мерзімді жұмыс кезінде, мысалы, қысқа д и с т а н ц и я ғ а жүгіргенде, бұлшық еттер бүтіндей АТФ-тің есебінен жұмыс істеді (Биология). 2. Т е х н и к а л ы қ. Жол бойындағы телім, бөлімше. Ол (Торжан) д и с т а н ц и я басшыларына ыза болды (Т.Әлімқұлов, Сейтек.). Қатынас жолдар министрлігі Алматыдағы сигнализация мен байланыс д и с т а н ц и я с ы н ы ң коллективтерін грамотамен наградтады («Соц. Қаз.»). Байланыс д и с т а н ц и я с ы н ы ң қызметкерлері жаңа, күрделі техниканы шебер меңгеріп, халық шаруашылық жүктерінің көп тасылуына елеулі үлес қосып келеді («Лен. жас»).