з а т е с і м. э к о н о м и к а л ы қ. Тауарларды көтерме сатып алып кейін қайта сататын делдал: фирма не жеке тұлға. Д и с т р и б ь ю т о р мен тапсырыс беруші арасындағы қатынас шарттық негізде құрылады (Қаз. тілі термин. Экономика.). Қазақстанда бүгінде 10 шақты ірі импорттаушы компаниялармен бірге толып жатқан майда д и с т р и б ь ю т о р л а р бар («Егемен Қазақстан»). Әдетте, д и с т р и б ь ю т о р л а р құрал-жабдықтарды, техникалық жаңалықтарды, бағдарламалық компьютерлерді сатып алуға не сатуға артықшылық құқыққа, мүмкіншіліктерге ие болады (ҚҰЭ).