з а т е с і м. э к о н о м и к а л ы қ. Қосқан ұпайға қарай берілетін таза пайданың үлесі. Ал кәсіпорын иелері трестің пайшысына айналып, өзіне тиісті акцияның санына қарай д и в и д е н д (пайда) алып отырады (Саяси экономия). Д и в и д е н д - акционерлік қоғамдардың тапқан пайдасының акционерлер арасында өзара бөлінетін бөлігі (Саяси сөздік). Д и в и д е н д - акционерлерге акциясының құны мен мөлшеріне сәйкес акционерлік қоғам пайдасынан жыл сайын төленетін табыс (ҚҰЭ).