Дивизион

lat: Dıvızıon

1. Құрамында батареясы мен басқа да 2-4 бөлімшелері бар артиллерияның негізгі атыс және тактикалық бөлімі. Дивизион полк құрамына кіреді. Дивизионның соғыс кезінде әр батареясы әр түрлі нысанаға немесе барлық батареяларымен бір нысанаға не бір топ нысанаға оқ ата алады. 2. Флотта 3-рангілі біртекті корабльдердің тактикалық құрамасы. Бұлар корабль бригадаларының құрамына кіреді.