Дивергенция

lat: Dıvergensıa

з а т е с і м. 1. б и о л о г и я л ы қ. Эволюция барысында қолдан сұрыптау әрекетінен немесе табиғи сұрыпталу нәтижесінде ағза белгілерінің өзара алшақтауы.Ч.Дарвин д и в е р г е н ц и я н ы ң негізгі себебін түр ішіндегі бәсекелестікпен және табиғи сұрыпталумен байланыстырды (ҚҰЭ). Тұқымдардың арасындағы, арғы тектерінің арасындағы алғашқы болмашы айырмашылықтардың бірте-бірте арта түсу процесін Дарвин белгілердің ажырауы немесе д и в е р г е н ц и я деп атадыалпы биология). 2. ф и з и о л о г и я л ы қ. Бір жүйке талшығымен келген жүйке импульстерінің әртүрлі нейрондарға, тіпті мидың әртүрлі бөлімдеріне таралуы. Д и в е р г е н ц и я н ы ң немесе мультипликақияның құрылымдық негізі - аксон (жүйке клеткасының өсіндісі) (ҚҰЭ). 3. м а т е м а т и к а л ы қ. Векторлық өріс ағынының берілген нүктедегі өзгеру шамасын сипаттайтын сан. «Д и в е р г е н ц и я» терминін ғылымға ағылшын математигі У.Клиффорд енгізген (1878) (ҚҰЭ). 4. л и н г в и с т и к а л ы қ. Тілдегі бір дыбыстың белгілі жағдайға байланысты дағдылы қалпынан ауытқуы, өзгеріп айтылуы. Тіл білімінде біртұтас халықтық тілдің бұтақтанып бөлінуін, яғни тілдегі бір диалектінің дами келе жеке дербес тілге айналуын да д и в е р г е н ц и я дейді (ҚҰЭ).