з а т е с і м. Жау тылындағы ия белгілі бір елдің әскери мемлекеттік мәні бар объектілерін, шетелдік агенттер немесе қылмыстық элементтердің бүлдіруі я істен шығаруы, қастандық іс-әрекеті. Отарлық езгіні жаңа формада қайта орнату мақсатында қастандықтар, д и в е р с и я л а р ұйымдастырылады (Саяси экономия). «Кең далада д и в е р с и я жүргізбек түгіл, қара бастың қайда қалары беймәлім болар» деп ойлады Гот (Ж.Тілеков, От кешу). Партизан қозғалысының түрлері: қарулы күрес, саботаж, д и в е р с и я, жау өкімет органдарының беделін түсіруге бағытталған үгіт-насихат (ҚСЭ).