ДИВЕРСИЯ

lat: Dıversıa

арнайы даярланған бөлімшелердің (топтардың) немесе жеке адамдардың қарсылас тылындағы коммуникацияны, тораптар мен желілерді бұзу, әскери, өнеркәсіп және т.б. нысандарды қирату амалдары, әскерді басқаруға бөгет жасау, тірі күштерді және әскери техниканы жою, әскердің және қарсыластың тұрғын халқының моральдық психологиялық жағдайына әсер ету амалдары.