Диверсиялық

lat: Dıversıalyq

с ы н е с і м. Диверсияға тән, диверсияға қатысты. Советтің шекаралық аудандарында д и в е р с и я л ы қ ниетпен үнемі шабуыл жасап отырады (Б.Момышұлы, Біздің генерал). Бұйрықтардың бірінде отрядымызға теміржол бойында д и в е р с и я л ы қ жұмыстарды күшейту міндеттелді («Лен. жас»). Қазақстанға аспаннан түсірілген барлау және д и и в е р с и я л ы қ мақсаттағы фашист жансыздарының алты тобын Қазақ КСР-інің мемлекеттік қауіпсіздік органдары қолға түсірді («Егемен Қазақстан»). Баймолдин жолдас басқарған әскери комендатура қалада тығылып қалған жүзден аса фашистерді ұстап, олардың д и в е р с и я л ы қ әрекеттеріне тыйым салды (Ә.Нұршайықов, Автопортрет).