Дизайн

lat: Dızaın

з а т е с і м. Көркемсурет және сәулет өнерінің өнеркәсіп бұйымдарының ең үздік үлгілерін жасау және заттық ортаны үйлестіру шараларын қамтитын бағыт атауы. Ұлттық валютамыздың өз д и з а й н і, өз идеясы болуы керегін сөз етті («Егемен Қазақстан»). Сыртқы безендірумен, стильмен салыстырғанда д и з а й н ұғымының мағынасы әлдеқайда кең (Қаз. тілі термин. Экономика.). Д и з а й н қызметінің ерекшелігі - әсем әрі көркем жасалған тұтыну заттары мен бұйымдардың қоршаған ортаға лайық үйлесімін жүзеге асырып, ұдайы олардың жаңа үлгілерін ойлап табу (ҚҰЭ). «Қыпшақтардың» бұрынғы кітаптарымнан даусыз бір артықшылығы бар: әдемі безендірілгені. Д и з а й н ы, макеттелуі ең биік талаптарға жауап беред деп ойлаймын («Астана ақшамы»).