ДАУЫЛ

lat: DAÝYL

«Оқу құралына» енген шағын өлең. 16 тармақтан тұрады. Авторы Қаптағай делінген. Аса қатты соғатын желдің дауылдың ерекшеліктері, дауыл соққанда құрлықта, теңізде, аспанда болатын құбылыстар өлең тілімен суреттелген. Бұдан шəкірттер табиғат құбылысымен ғана танысып қоймай, өлең сөздегі бейнеліліктің де сырын ұғынады. Ғыл. түсініктеме берілген.