ДАУЫСТЫ ҚОЮ

lat: DAÝYSTY Qoıý

кәсіптік мақсатта дауыс аппаратын дамыту. Дауысты қою әдістемесі, артикуляциялық мүшелерді дамыту, резонаторларды қолдану, тынысты реттеу жалпы принциптертеріне негізделген. Дауысты қою мақсаты бұлшық ет энергиясын барынша аз жұмсай отырып, дыбыс шығаруда ең шекті табиғилық пен еркіндікке, дыбысталуда тұрақтылық пен бірдейлікке қол жеткізу, дауыс ауқымын барынша ұлғайту, сондай-ақ оның күшін, дыбыс ырғағының айқындылығы мен мәнерлілігін арттыру, сыңғырлаушыққа, самғаушылыққа, динамикалық икемділікке және ширақтыққа мақыштану.