ДАМЫТУ, градация-

lat: DAMYTÝ, gradasıa

әдебиет жанры, айшықтаудың бір түрі. Алдыңғы сөзден соңғы сөзді, алдыңғы ойдан соңғы ойды асыра, асқақтата суреттейді. Абайдың Тоғжанды алғаш көргендегі әсем бейнесін жазушының суреттеуі Д-ға жатады. «Окапта» тарауындағы Әмірді қылғындырып өлтірейін деп жатқанда, Абай келіп ажыратып алғаннан кейінгі Құнанбай сөзі де Д-дың шынайы мысалына жатады: «Аздырарсың, сен бе! Аздырарсың! Сенен, бәрі сенен! Шық! Жоғал! Жоғал, жойыл көзімнен! Ұрпағым екенің шын болса, құрбан еттім екеуіңді. Садаға еттім сен екі шіріген жұмыртқаны, бар да өл! Тез өл! Жөнел!» деп, немересі Әмір мен ұлы Абайға теріс батасын береді. Мұндағы айтылған сөздер, ойлар бірінен-бірі асып, күшейіп, озғындап шығады.