ДАНЬІШПАҢДЬІҚ

lat: DANİSHPAŃDİQ

кемеңгерлік. Данышпандықадамның ақыл-ойы мен іс-әрекетінің ең жоғарғы дәрежеге көтерілуі. Данышпандық қасиет адамның жалпы және арнаулы қабілеттерінің жинақталып, ерекше нәтижелерге белгілі іс-әрекет саласында қол жеткізуі. Данышпандық бүкіл адамзатгың игілігі үшін өшпес, өлшеусіз еңбек етіп, ұлы мәселелерді парасаттылықпен шеше алатын адамға тән психологиялық қасиет. Ақыл-ойдың, білімнің молдығы, кең өрістілігі, бүгінгі ақыл-ой жеткен өреге сүйене отырып, келешекті болжау, ой қорытып, түйін жасау, ғылымның келер көкжиегінің жетер жерін анықтауға арналған ой-тұжырымы бар парасатты адамдарды данышпан адам деп атайды. Аристотель, әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Шоқан Уәлиханов, Абай сияқты әмбебап данышпан ғұламалар аз емес. Ақыл-ойы, білімі мол, білгір адамның бәрі бірдей данышпан бола бермейді. Психологияда Данышпандық деп өте сирек кездесетін қабілеттердің ең жоғарғы дамыған түрін атайды. Данышпандық адамның ақыл-ойы мен іс- әрекетінің ең жоғарғы дәрежеге көтерілуі. Данышпандық қасиет адамның жалпы және арнаулы қабілеттерінің жинақталып ерекше нәтижелерге қол жеткізуі. Данышпандық өмірдің шындығын, яғни оның себебі мен салдарының үйлесімділігін тану. Адамның нақты жағдайын, орны мен рөлін анықтап, оны салауатты өмір сүруге жеткізетін іскерлікті, білімпаздықты және жақсылықты дәлірек түсіну; ақиқат пен әділеттікті адамның мұрат-мүддесіне қолдануды бетке ұстау, адам қызметін сын көзінен, қажет биігінен өткізу арқылы оның ой-сезіміне, әрекетке деген іштей дайындығына, адамгершілік мұратына лайықты мағына табу; ыстық қайратты, нұрлы ақылды, ыстық жүректі бойда сақтау, қателеспей сөйлеу және керектіні ғана істеу адамгершілік пен имандылықтың таласы; осы мінез-қабілеттерге жеткізетін әр-түрлі жағдайды байыппен айналдыру, яғни даралық тұтастығын сақтау. Данышпандық өмірді, болашақты ойлай біліп, ақылдылықпен айтылған сөз; аса білгірлікпен жасалған іс-әрекет, көрегендік пен көсемдіктің көрінісі.