ДАНА

lat: DANA

(пар. дана دانا) данышпан, кемеңгер, ақылды.

«Ахыры ислам» дейтұғын дана кісі, Пайғамбардан пір алған қатыны бар («Шаһарбан мен Хұсайын». М.Жүсіп, І-том, 2003).

Ол бір уәзір ақылды, дана екен, һәрқашан бұ Данданның ашынасы («Қисса Дандан». Бабалар сөзі. 18-том. 2005. 100 томдық).

Анадан туғаннан-ақ болып дана , Әлінше жақсыларды жақтағандай («Ақан сері Қорамсаұлы». Бес ғасыр жырлайды. ІІ том. 1984).

Біреудің мәжнүндердей ақылы зағип, Кей пенде зейіні көп, болар дана («Қисса хазіреті Айшаның тұһматы». Бабалар сөзі. 11-том. 2005. 100 томдық).