ДАНА

lat: DANA

(пар. дане دانه ) заттың саны.

һәр бұрышында інжу бар жеті дана, Перілер осындай қып салған бина («Қисса Жиһаншаһ Тамузшаһұғылы». Бабалар сөзі. 20-том. 2005. 100 томдық).

Көшеде жұрт тұрдылар кезек күтіп, Ер басына бір-бір дана діллә беріп («Қисса қожа Ғаффан». Бабалар сөзі. 20-том. 2005. 100 томдық).

Қалтадан отыз дана гауһар шықты, Халифа да көрген жоқ ондай тіпті («Қисса Таһир». Бабалар сөзі. 1-том. 2004. 100 томдық).