ДАР

lat: DAR

1. (Қ.орда, Арал) шығырдың тегерішінің білігі. Д а р г а кигізглген тегеріш, суды сапырып науаға құйып атыр (Қ.орда, Арал). 2. (Түрікм., Таш.) үйдің төбесіне көлденең салынатын, негізгі ауыртпалықты көтеріп тұратын бөрене. Үйдің жарын тұрғызып қойғанымызбен, д а р болмай, төбесі жабыл-май тұрыпты (Түрікм., Таш.). 3. (Өзб., Ташк.) есік алдына кір жаю үшін керілген жіп не көлденең тасталған ағаш.[Өзбекше дор сөзінің бір мағынасы «кір жаю үшін керілген жіп», екінші «дар ойынына арналып тартылған арқан» (Узб.-рус. сл., 1954)].