lat: DASTARHAN
(пар. дастархан دستارخان) – тамақ жеу үшін жайылатын жайма, дастархан.
Жағалай дастарханды жая тастап, Қымызды шара-шара айдап жатыр («Талайлы мен Әйім қыз». Бабалар сөзі. 22-том. 2005. 100 томдық).
Дастархан ақыр жиналып, Артылған ақыр қайтады («Қисса Алпамыс». Бабалар сөзі. 34-том. 2006. 100 томдық).
Дастархан төрге келді тамақ жайлап, Бұрқырап сары самаурын келді қайнап («Қарға батыр». Бабалар сөзі. 22-том. 2005. 100 томдық).