ДЕҢГЕЙ ДЕСКРИПТОРЛАРЫ

lat: DEŃGEI DESKRIPTORLARY

білім алушыларда әр деңгейде күтілетін және талап етілетін оқытудың жалпы сипаттамаларының декларацияланған тізбесі. Мұңдай деокрипторлар білім алушыларға әрбір белгіленген деңгейде койылатын талаптар немесе күтілетін нәтижелер түрін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл дескрипторлар білім алушы мен окытушыға білім алушының материалды игеруіне қойылатын талаптар мен еркіндігіне қатысты бағдарламаның күрделілігі мәселелерінде бағыт береді. Олар пәндік сабақтар мен оқу тәсілдеріне қатысты қолданылуы мүмкін. Деңгей дескрипторлары оқу бағдарламаларын әзірлеу, кредиттер тағайындау, алдыңғы оқу тәжірибесін бағалау және тану үшін (оның ішінде ресми емес оқыту түрінің де), сондай-ақ профессорлық-оқытушылық құрамның біліктілігін арттыру жүйесінде пайдалы.