әртүрлі үй-жайлардан ластанған ауаны сорып шығару үшін және кейде үй-жайларға ауа жеткізу үшін құбырдың сыртқы ұшына орнатылатын ауа сорғыш қондырғы. Мұржаға орнатылған дефлектор мұржадан газдарды сорып тарту күшін арттырады. Дефлектордың жұмысы оның ауа ағынын үрлейтін энергиясын пайдалануға негізделген. Дефлекторлар негізінен болаттан, сирек жағдайларда бетоннан, асбестоцементтен және басқа да материалдардан жасалады.