ДЕКАРТ Р.

lat: DEKART R.

(1596-1650) эмпириялық зерттеуге айналдыруда психологияда ерекше үлес қосқан француз философы және жаратылыстанушысы. Оның айтуынша әр адам үшін нақты, әрі сенімді, оның өз ойының болуы (“ойлау” субъектінің кез келген саналы психикалық ic-әрекеті): “Мен ойланамын, яғни өмір тіршілігіндемін” деген қағиданы бастама деп есептеді. Декарт рационализм және интроспекциялық психологияның негізін қалаушысы. Физиологияда Декарт рефлекстік актінің алғашқы ғылыми сипаттамасы қимылдар тітіркенісінің нобайын жасады. Ол дүниені екі субстанциядан материалдық және рухани негіздерден тұрады деп есептеді. Декарт рефлекс туралы ұғымды алғаш енгізген. Негізгі еңбектері: “Метод туралы ойлар”(1637), “Рухтың қүлшыныстары”, т.б.