Дел-сал

lat: DEL-sal

ү с т е у. Мең-зең, сүлесоқ, бей-жай. Есі кіресілі-шығасылы Кербала сырттан аттың дүбірін естіді, асығыс жүріс. Суыт жолаушы. Ол тізерлеп барып орнынан әзер көтерілді. Денесі д е л-с а л, киімі жырым-жырым жыртық, топырақ (Т.Жұртбаев, Бесқарагер). Соны айтып торғай кетті аспанға ұшып, Шал қалды д е л-с а л болып қайғы қысып. Сол торғай үшіншіде не айтпақ еді, Соны тап, есті болсаң, ойға түсіп (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Мен жүрмін бойым д е л-с а л, ішімде мұң. Тәкаппар жаның әлде қалай ма екен. Алдында біреулердің кішіргенін. Көрмеймін енді деп-ақ қатуланам, Жетпей жүр бірақ соған күшім менің (Ф.Оңғарсынова, Асау.). Қоңыр күздің маужыраңқы шуағы буынбуынды алып, ұйқы шақырған соң, еріксіз д е л-с а л мәңгірген кейіпті бастан кешіреді (О.Бөкеев, Қайдасың.).