ДЕНЕ

lat: DENE

(пар. тәнә تنه) адамның тұла бойы.

Тез шомыл, салқын суды денең сүйер, Зәуретің жасырынад һәм беденің («Мәулімнияз Едіге». Бабалар сөзі. 39-том. 2006. 100 томдық).

Бір суып бір қызады ғазиз денем, Қараймын көзім салып төңірекке («Гүлкәшимә». Дастандар, 1960).

Ғұсылды құйынбаққа суға бардым, Таһарат алып денемді пәктайын деп («Қисса Тамимдер». Бабалар сөзі. 16-том. 2005. 100 томдық).