а) ірі, күшті, тәуелсіз, үлкен әскери, экономикалық және өзге әлеуеті бар, әлемдік саясатта және халықаралық қатынастарда аса маңызды рөл атқаратын мемлекет; ә) монархтың (патшаның, корольдың, императордың және т.б.) алтын шар, тәж немесе кресті бейнесіндегі билігінің белгісі. Тарихи тұрғыда держава ұғымы XIX ғасырдың басындағы Наполеонның күйрей жеңілгенінен кейін «ұлы державаның» анықталуына байланысты қолданыла бастады. Ол кезде держава қатарында Англияны, Францияны, Ресейді, Пруссияны, Австрияны атайтын, кейінірек Италияны, АҚШ-ты, Жапонияны қосты. Бүгінгі таңда ұлы державалар қатарына БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінін бес тұрақты мүшесін АҚШ, Ресей, Англия, Франция, Қытай, сонымен қатар, Германия, Үндістан, Жапонияны қосады.