ДЕСЕРТ

lat: DESERT

бұл француз терминімен бүкіл әлемде дастарқандағы соңғы тағамды атайды. Термин барлық Еуропа тілдеріне XVI ғ. енді. Орыс тілінде десерт термин ретінде 1652 ж. бастап белгілі. Десерт мәні тойымдылық беру емес, керісінше астан кейінгі ауырлықты жою. Соңдықтан француз аспаздық түсінігінде десерт астан кейінгі жай ғана тәтті тағам емес, міндетті түрде жеңіл, сергітетін тағам. Сол себепті тәтті ауыр тағамдарды; пирожное, коржиктер, пряниктер, ром бабасы, кекстер, шарлоткалар, бламанженің барлық түрін, нан және басқа тәтті көжелерді, кисельдерді десерт деп атау дұрыс емес. Десерт болып тек жеміс-жидектер, олардың шырыңдары, жеміс-жидек желелері, мусстар саналады. Ыстық сусындардан десертке шай, кофе жатады.