ДЕТЕРМИНИЗМ

lat: DETERMINIZM

тұрмыс құбылыстарының жалпыға ортақ себептісалдарының анықтылығы жөніндегі ілім. Детерминизм идеясы ежелгі дүниеде пайда болып, одан бергі барлық ғылыми-жаратылыстану және философиялық оймен бірге келеді. Демокрит барлық нәрсе қажеттіліктен туындайды, осыны себептілік деп есептеді. Аристотель себептіліктің төрт түрін анықтады: 1) ресми; 2) материалдық; 3) қозғалысты; 4) мақсатты. Еуропалық ғылыми-жаратылыстанулық және философиялық ой (Ф.Бэкон, Г.Галилей, Р. Декарт, И.Ньютон, Б.Спиноза және т.б.) Детерминизм тұжырымын одан әрі дамытуға септігін тигізді. Осы кезде классикалық механика жетістіктерінің ықпалымен механикалық детерминизм тұжырымы қалыптасты, оның мәнін Лаплас былай түсіндірді: егер дәл қазір табиғат тылсым күшінің қолданылар нүктелері жайлы бәрін білетін ақыл болса, онда ол әлемнің өткені мен болашағы туралы да білер еді. Детерминизм екі негізгі түрі бар: 1.Қатаң Д. оқиғалардың барлығы да олардың себебі тудырған салдары, яғни, барлық оқиғалар алдында болған жағдайлардан шығады. Осылайша, осы шақтағы және болашақтағы оқиғалар өткендегі оқиғалардай тұрақты әрі өзгермейді. Бұл көзқарастың шеңберінде моральдық жауапкершілік жоқ, өйткені ол субъектінің еркін еркіне негізделген. 2. Жұмсақ немесе бірлескен детерминизм детерминизм ерік еркіндігімен үйлестіріп қарастыратын көзқарас. Осы тұрғыдан алғанда еркін іс-әрекет моральды жауапкершілікті жүзеге асыратын себептіліктің бір түрі болып табылады.