ДЕТЕРМИНИЗМ

lat: DETERMINIZM

табиғатта және қоғамда кездесетін оқиға, құбылыстарды, оның ішінде адамның еркі мен мінезінің өзара байланыстығының себептестігінің заңдылығын зерттейтін ілім. Детерминизм психология ғылымының негізгі принциптерінің бірі (себепсалдар мәселелерін қарастырады). Детерминизм принципі философиялық және әдіснамалық ұстаным бойынша, табиғат пен психологиялық құбылыстардың бәрі материалдық себептер мен заңдардың әсер етуінен пайда болады деп түсіндіреді. Детерминизм адамның тіршілігі мен ісәрекетінің бәрі қоғамның тарихи дамуының нақты жағдайларымен байланысты, әрбір құбылыс белгілі себептен туындайды деп қарайды. Бұл принципті іс-әрекеттің әдіснамалық негізі ретінде ұстанған психологиялық зерттеулердің нәтижелігі дәлелді болады.