DI-офсеттік басу машиналары

lat: DI-ofsettik basý mashınalary

DI-деген аббревиатурасы «Direct Imaging» (бейнелік ақпараттарды тікелей жазу) - басу машиналарының формалық цилиндрінде форма дайындайтын технологияларға жатады. Бұл жағдайда сандық (цифрлық) жазу әдісі қолданылатындықтан, бұл технология Computer-to-Press деп аталады. DI-машиналарында форманы жылу арқылы немесе ылгалсыз офсет арқылы дайындайды. Бірақ соңғы кездері шығып жатқан жаңа басу машиналарының модельдерінде ылғалды офсет немесе DI технологиясы бойынша, машиналардан тыс дайындалған басу формаларымен жұмыс істей береді.