көшбасшымен бірге шектеулі адамдар тобы жүзеге асыратын шектеусіз саяси, экономикалық және идеологиялық билік. Диктаторлық басқаруды орнату, әрекет етуші биліктің экономикалық, әлеуметтік базасының тарылуы, басқарушы саяси кұрылымдардың қоғамды тиімді басқаруға қабілетсіздігі, қоғамды тұрақсыздандыруға апарып соғып, тұрғын халықтың сенімін жоғалтатын қоғамдық қайшылықтардың асқынуы нәтижесінде жүзеге асады. Диктатура биліктің бөлінуінің жоқтығымен, азаматтық қоғамды тұншықтыруымен, кез-келген түрдегі азаматтық бағынбаушылықты террор (лаңкестік) жолымен жоқ етуге және шексіз билікті пайдаланатын адамның, диктатордың қолына барлық билікті шоғырландырумен сипатталады.