қор биржаларының мүшелері (жеке адамдар, фирмалар) мен құнды қағаз, валюта, қымбат металдарды сатып алу-сатумен айналысатын банктер; өз атынан және өз есебінен әрекет етеді. Дилерлер өз арасында, делдалдармен, сонымен қатар тікелей клиенттермен мәмілелер жасай алады. Дилердің пайдасы сатушы мен сатып алушы курстары айырмашылығы есебінен, сондай-ақ сол уақыттағы валюта мен құнды қағаздар курсының өзгеруі есебінен құралады.