ДИВИДЕНДТЕР

lat: DIVIDENDTER

акциялар бойынша төленуге тиісті табыс; қордың басқарушы компаниясы пайларды сатып алған кезде пайлар бойынша табыстарды қоспағанда, пайлық инвестициялық қордың пайлары бойынша төленуге тиісті табыс; заңды тұлға өз құрылтайшылары, қатысушьшары арасында бөлетін таза табыстың бір бөлігі; заңды тұлғаны тарату кезінде, сондай-ақ құрылтайшының, қатысушының заңды тұлғаға қатысу үлесін алып қойған кезде, құрылтайшының, қатысушының жарғылық капиталға салым ретінде енгізген мүлкін қоспағанда, мүлікті бөлуден түсетін табыстар (2001 жылғы 12 маусымдағы 209-II ҚР СК 10-бап)