DNS (DOMAIN NAME SERVICE)

lat: DNS (DOMAIN NAME SERVICE)

Интернет серверлерінің аттары туралы ақпаратты қамтитын және жүйенің аты бойынша оның IP-мекенжайын анықтауға мүмкіндік беретін үлестірілген иерархиялық дерекқор.

DNS-тің иерархиялық ұйымдасуы егелік мекенжай құрылымында айқын көрінеді.

Мекенжайдың нүктемен бөлінген әрбір компоненті доменге (немесе аймаққа) сәйкес келеді, онда тәртіпті сақтауға қандай да бір ұйым жауапты болады.

Бірінші болып (оң жақтағы) жоғары деңгейдегі домен тұрады, мысалы .ru немесе .corn. Жоғары деңгейдегі домендерді құру және олардың жұмысын бақылауды ICANN (www.icann.org) халықаралық коммерциялық емес ұйымы атқарады.

Жоғары деңгейдегі домендер БҰҰ мойындаған барлық мемлекеттер мен аумақтар үшін құрылған.

Олардың барлығы да екі әріптен тұрады, ICANN тапсырмасымен құрылған арнайы ұйым әр елде оларды қолдаумен айналысады.